Accessibility links

Израиль соғысының құрбандары 1 мыңнан асты


Израиль армиясының Газа аймағындағы соғысы салдарынан қаза тапқандардың саны, жергілікті биліктің мәліметі бойынша, 1 мыңнан асты. Олардың арасында бейбіт тұрғындар аз емес, ЮНЕСКО-ның мәлімдеуінше, 300-дей бала бар. Израильдің шығыны – 13 адам. Олар шайқастарда және палестиналық ХАМАС тобының зымырандық атқылауы барысында көз жұмды.
Израильдің ХАМАС тобына қарсы соғысы 19 күн бойы жалғасып келеді. Таяу Шығысты бітімге жеткізу мақсатымен сәрсенбі күні Қайырға барған БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Газадағы атысты тоқтатуға шақырды.
Одан бұрын Израиль мен ХАМАС ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соғысты доғаруға шақырған Қарарын қабылдамады.
XS
SM
MD
LG