Accessibility links

Павлодарда алты адам қар қамаудан шығарылды


Бұл туралы хабарлаған «Қазақстан Бүгін» агенттігінің ақпаратынша, жедел құтқару отрядының кезекші пультіне келіп түскен қоңырау бойынша оқиға орнына жіберілген алты адам ол жерден екі трактор мен КамАЗ және ЗИЛ-130 көліктерін тапқан. Тағы бір УАЗ көлігі аударылып қалған. Құтқару шарасының арқасында қар қамаудан алты адам шығарылған, олар далада бес сағатқа жуық болғанымен ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі жағдайда ауа-райы қалпына келген Павлодардың барлық жерлерінде жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысы шектелген. Атап айтқанда, Екібастұз - Шідерті, Екібастұз - Қарағанды, Екібастұз - Астана бағыттарындағы жолдар жабылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG