Accessibility links

Н.Назарбаев Үндістанға бармақ


23-26 қаңтар аралығында ҚР президенті Н. Назарбаевтың Үндістанға мемлекеттік сапары жоспарлануда, — деп мәлім етті ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е. Aшықбаев.
Үндістанға премьер-министр Манмохан Сингхтың шақыруымен баратын Н.Назарбаев Үндістанның республика күнін тойлауына байланысты салтанатты шараларына басты құрметті қонақ ретінде қатысады.
Сапар барысында мемлекет басшысы үнділік басшылықпен кездесулер өткізіп, энергетика саласындағы ынтымақтастық, ғарышты бейбіт игеру, мәдени гуманитарлық қатынастар, ақпараттық технологиялар, білім сияқты екі жақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасып, бірқатар құжаттарға қол қоймақ.
Сондай-ақ Үндістанда екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысатын, мақсаты іскерлік қатынастарды арттыру және болашағы бар ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін қарастыру болып табылатын инвестициялық бизнес форум өткізілетін болады.

XS
SM
MD
LG