Accessibility links

Меркель: Газ дауына қатысты Ресей абыройы қауіпте


Германия канцлері Ангела Меркелдің мәлімдеуінше, Украинамен газ дауына байланысты Ресей сенімді энергетикалық әріптес ретіндегі беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл жөнінде Меркель жұма күні Берлинде Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен кездесуі барысында айтпақшы. Еуропа Одағы егер газ тасымалы тез арада қайта қалпына келтірілмесе, еуропалық энергия компаниялары Ресей мен Украинаның газ компанияларын сотқа беруі мүмкін деп ескерткен болатын. Газ тасымалының тоқтап қалуына байланысты Украина мен Ресей бір-бірін кінәлауда. Ресей газы Еуропаның 18 еліне жетпей отыр.
XS
SM
MD
LG