Accessibility links

Құқық қорғаушылар Иранды 2 дәрігерді ақтауға шақырды


Адам құқығын қорғаушы топтар Иранды үкіметті құлатпақшы болды деп айыпталған ВИЧ/СПИД дерті бойынша екі сарапшыны ақтауға шақырды. АҚШ-та орналасқан Адам құқықтары үшін дәрігерлер мен Хьюман Райтс Уотч және Адам құқықтары бойынша Ирандағы халықаралық науқан топтары ағайынды Араш пен Камиар Алаеилерге тағылған айыптар әділетсіз деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл екі дәрігерге өздерін қорғау үшін мүмкіндік берілмеген. Аталған топтардың атап көрсетуінше, ағайынды Алаеилерге қатысты сот шешімі осы аптада жарияланбақшы.
XS
SM
MD
LG