Accessibility links

Олмерт: БҰҰ ғимаратынан бүлікшілер оқ атты


Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерттің мәлімдеуінше, Израиль Газадағы БҰҰ ғимаратына соққы берген себебі оның алдында сол жерден бүлікшілер оқ атқан. Олмерт БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунға бұл оқиға қайғылы болды бірақ оған бүлікшілер жауапты деп мәлімдеді. Пан Ги-мун Газа қаласындағы БҰҰ ғимаратына Израилдің шабуыл жасағанына байланысты ренішін білдірген болатын.

“Сыртқы істер министрімен кездесудің алдында мен Израиль қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлестім. Қорғаныс министрі Ехуд Барак маған бұл ауыр қателік болды деп айтты”, - деді БҰҰ бас хатшысы.

Жергілікті БҰҰ ресмилерінің хабарлауынша, Газадағы халықаралық ұйымның ғимаратына әуеден соққы берілген, нәтижесінде 3 адам жарақат алған. Атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу мақсатында Израилде жүрген БҰҰ бас хатшысының айтуынша, Газа секторындағы қақтығыстан адам шығыны “төзуге болмайтын деңгейге” жеткен.
XS
SM
MD
LG