Accessibility links

Мұнай бағасы тағы төмендеді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 15-қаңтарындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы тағы төмендеген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 44, 69 доллар (-0,39) болса ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 35,40 доллар (-1,88) болды», —делінген агенттік хабарламасында.

XS
SM
MD
LG