Accessibility links

Алматыдағы Израиль елшілігі алдында пикет өтті


Бүгін Алматыдағы Израиль елшілік өкілдігі ғимаратының алдында «Палестинадағы қантөгісті» тоқтатуды талап еткен пикет өтті. «Абырой» жастар қозғалысы ұйымдастырған пикетке елшілік өкілдері тарапынан ешқандай жауап болған жоқ. Пикетшілер ғимарат алдында Израиль үкіметіне арнаған үндеулерін оқыды.

Елшілік кеңсесі жалға алып отырған ғимарат күзетшілері кеңседе елшілік қызметкерінің ешқайсысы жоқ екенін айтып, үндеу мәтінін қабылдап алудан бас тартты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG