Accessibility links

Ирақтан АҚШ әскерін шығару жоспары әзірленеді


Пентагон ресмилерінің айтуынша, қажет болған жағдайда, олар Ирақтан АҚШ әскерін 16 ай ішінде шығару жоспарын келесі аптада әзір ете алады. АҚШ президенті боп сайланған Барак Обама осы кесте жөнінде уәде еткен болатын. Бұл Біріккен штаб басшыларының Обамаға, ол президенттік қызметіне кіріскен күні, ұсынатын бірнеше ұсыныстарының бірі ғана. Олар әскерді біртіндеп шығару кестесін де енгізіп отыр. Ол кестеге байланысты Бағдат пен Вашингтон арасында келісім бар.
XS
SM
MD
LG