Accessibility links

Израиль атыстарды тоқтатуға әрекет жасауда


Оның өкілдері Қайыр мен Вашингтонға сапар шегуде. Мақсат-үш аптаға созылып кеткен атыстарды тоқтату тұрғысында Мысыр тарапынан ұсынылған бітім келісімін ақылдасу. Ол ұсынысты Хамас тобы қолдап отыр. Израиль өкілі Амос Гилад бүгін осы мақсатпен Қайырға қайтып барды. Израиль сыртқы істер министрі Ципи Ливни болса Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездеспекші. Қазір Израилде жүрген БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Газадағы атыстардың тез арада тоқтатылуына шақырды.
XS
SM
MD
LG