Accessibility links

Медведев: Газ дағдарысы Ресей-Украина проблемасы ғана болмай қалды


Сондықтан оның шешіміне Еуропа елдері де қатысуы тиіс, деді Ресей президенті Дмитрий Медведев. Бүгін Киевте өтетін Шығыс Еуропа басшыларының басқосуында Ресей газының Еуропаға Украина арқылы өтпей қалғаны талқыланбақшы. Кездесуге Словак президенті Иван Гаспарович, Молдова үкімет басшысы Зинайда Грецеани және Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски, Украина президенті Виктор Ющенко қатыспақшы. Ресей мен Украина үкімет басшыларының Мәскеуде болатын басқосуына ЕуроОдақ энергия өкілдерін жібермекші. Оның алдында Ресей үкімет басшысы Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде кездеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG