Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан 2 АҚШ сарбазы опат болды


Сенбі күні Кабулда орын алған бомба жарылысынан АҚШ-тың 2 сарбазы қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Бұл туралы АҚШ әскерилері хабарлап отыр. Оның алдында ауған ресмилері әлгі жарылыстан кемінде бір ауған азаматы құрбан болып, 20-дан астам адам жараланды деп мәлімдеген болатын. Бұл шабуыл Ауғанстан астанасындағы АҚШ-тың әскери базасы мен Германия елшілігі жанында орын алды. Шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG