Accessibility links

БҰҰ Бас ассамблеясы Газада атысты доғаруға шақырды


БҰҰ Бас ассамблеясы Газа секторында тез арада атыстың тоқтатылуын және Израиль күштерінің Газадан шығарылуын талап етіп отыр. Жұма күні қабылданған резолюция соғысушы жақтарды атысты тоқтату жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің қарарын құрметтеуге шақырған. БҰҰ Бас ассамблеясы, сондай-ақ, Газадағы палестиналықтарға қайырымдылық көмектің тосқауылсыз жеткізілуін талап етті. Израиль мен АҚШ және Науру мемлекеті бұл қарарға қарсы дауыс берді.
XS
SM
MD
LG