Accessibility links

Кабулдағы шабуылдан қаза болғандар саны өсті


Сенбі күні Кабулда АҚШ-тың әскери базасы мен Германия елшілігі жанында орын алған жанкештілік шабуылдан 4 ауған азаматы мен 1 американдық сарбаз қаза тапты. Ауған ресмилерінің айтуынша, жарылыстан сондай-ақ шамамен 20 қарапайым азамат пен 5 АҚШ сарбазы жарақат алған. Германия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл шабуылдан неміс елшілігінің кей қызметкерлері жараланып, елшілік ғимаратына зақым келген.

Сонымен қатар, Ауғанстанның шығысындағы Нангархар өлкесінде тағы бір жанкештілік шабуыл орын алды. Оның салдарынан бір қарапайым адам қаза тауып, 6 кісі жараланды. Екі шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG