Accessibility links

Пәкістан күштері 15 бүлікшінің көзін жойды


Пәкістанның қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-батысындағы тайпалы аймақта 15 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлап отыр. Мохманд аймағының Даруазай ауданында орын алған шайқаста бір сарбаз қаза болды, дейді Пәкістан әскерилері. Мохманд бүлікшілерге қарсы әскери операция жүргізілген Бажур тайпалы аймағына жақын жерде орналасқан. Пәкістан күштерінің айтуынша, әлгі әскери шара барысында 1,700-ден астам бүлікшінің көзі жойылған.
XS
SM
MD
LG