Accessibility links

Ұрланған Украина кемесіндегі адамдардың денсаулығы нашарлады


Қыркүйек айында Сомалиде қарақшылар басып алған Украина кемесі экипажының кей мүшелері ауырып қалды. Қарақшылар “Фаина” кемесін босату үшін 5 миллион доллар талап етіп отыр. Қарақшылармен байланысы бар жергілікті кәсіпкер Осман Фарах Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында экипаждың 20-ға жуық мүшесінің жетеуі сырқаттанып қалды деп мәлімдеді. Фарахтың айтуынша, оларды Сомали дәрігерлері емдейтін болады. Кеме басып алынған кезде бір адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG