Accessibility links

Газаны қалпына келтіру ісі басталып кетті


Бұл үдеріс Израиль тарапы бір жақты жағдайда атысты тоқтататынын, ал Хамас жағы бір апталық татуласуды жариялағаннан кейін орын алып отыр. Хамастың бақылауындағы Газа аймағының көшелерін бульдозерлер үйінділерден тазарта бастады. Палестина Орталық бюросының есебіне қарағанда, бұл шайқас шығыны бір миллиард 900 миллион долларға бағаланып отыр. Хамас тобына қарсы Израилдің 3 апталық шабуылы ол топтың Израиль жеріне зымыран атуына тосқауыл қойып, аталған топты әлсіреткеннен кейін өз мақсатына жетті. Сондықтан Израиль өз әскерін Газа аймағынан тез арада шығарып әкеткісі келеді деген еді үкімет басшысы Ехуд Олмерт. Бұл шайқаста 1300-дей палестиналық қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG