Accessibility links

АҚШ қолбасшысы Қырғызстандағы әуе базасының жабылмайтынын мәлімдеді


Қырғыз ресмилері елдегі АҚШ әуе базаларын жабу туралы өздерінде жоспардың жоқ екендігін айтқан екен. АҚШ-тың Ирақ және Ауғанстандағы бас қолбасшысы, генерал Дэвид Петреус Орта Азия еліне сапары барысында Манас әскери әуе жайының болашағын Қырғыз ресмилерімен ақылдасқан болатын. Петреус бұл базаны Ауғанстандағы шараларға жүк тасу мақсатында АҚШ-тың одан әрі пайдалана беретінін сенбіде айтқан еді. Ресми Бішкек Ресейден келетін қаржылық көмекке орай бұл базаны жаппақшы деп хабар таратқан еді кейбір Ресей баспасөз құралдары. Бұл хабар негізсіз дейді Петреус.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG