Accessibility links

Қазақстанда медициналық айықтырғыштар жабылуы мүмкін


Бұл туралы хабарлаған ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметовтің мәліметінше, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орындарын Білім және ғылым министрлігіне, ал медициналық айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне беру бойынша талқылаулар үкіметтік деңгейде жалғасуда, яғни мәселе әлі шешілген жоқ. Бұл мәселемен ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясы комитеті айналысып жатыр.

Департамент бастығының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 29 медициналық айықтырғыш жұмыс істейді, бұрын олардың саны 46 болған. Бірде-бір айықтырғышы жоқ аймақтар да бар. Алайда бұл жағдай аймақтағы қылмыстық ахуалға ешқандай да әсерін тигізіп отырған жоқ. Егер медициналық айықтырғыштар Денсаулық сақтау министрлігіне берілмесе, олар таратылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG