Accessibility links

Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуы мүмкін


Қазақстанның мұнай өндірісі 2009 жылы үкіметтің 77 миллион тонна деген ресми болжамынан 3 миллион тоннаға қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бахыт Сұлтанов хабарлады. Бүгін Астанада үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Сұлтанов әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Қазақстанда мұнай өндірісі 3 миллион тоннаға қысқаруы ықтимал деп мәлімдеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2008 жылы Қазақстан 58.714 миллиард тонна шикі мұнай өндірген. Ал бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 6.2 пайызға жоғары деп есептеледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG