Accessibility links

Ақтөбеде Азаттық радиосының тілшісі Андрей Климонов қайтыс болды


Ақтөбе қаласында 20 қаңтарда тәуелсіз журналист, 36-жасар Андрей Климонов қайтыс болды. Андрей Климонов Азаттық радиосының орыс тілінде жаңадан шығатын www.azattyq.org/ru веб-сайтына атсалысып, 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысынан хабар беріп тұрды.

Андрей Климонов журналистика саласына дейін адам құқықтарын қорғаумен айналысты, демократиялық ұйымдардың қызметіне қатынасты. Соңғы кезде ол «Ақтөбе таймс» деген тәуелсіз газеттің редакторы болды. Осы газет қызметкерлері Андрей Климонов кенеттен қайтыс болды, түнде ұйықтап жатқанда жүрегі тоқтап қалған дейді.

Андрей Климонов Ақтөбе қаласында бейсенбі күні, 22 қаңтарда, жерленеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG