Accessibility links

Жарнамаға байқау жарияланды


«Алматыжарнама» МКМ және Алматы қаласының әкімшілігі 3-қазақстандық Әлеуметтік жарнама байқауын өткізеді. Байқауға жарнама агенттіктері, дизайн-студиялар, жеке авторлар және студенттер қатыса алады, — хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Байқау: «Менің Қазақстаным», «Шаһар мәселелері», «Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі», «Қарым-қатынастар гармониясы» және «Алматы – менің сүйікті қалам» номинациялары бойынша өтеді. Әр номинация жеңімпаздарына 100 мың теңгеден сыйақы беріледі.
Байқаудың нәтижелерін анықтау және номинациялар бойынша сыйақыларды тапсыру салтанаты 2009 жылдың 15-қыркүйегінде өткізіледі. Жеңімпаздардың жұмыстары қаланың жарнамалық тақталары мен LED-дисплейлерінде жарық көреді.

XS
SM
MD
LG