Accessibility links

Ресей газы тағы 5 елге жетті


Ресей газ тасымалы орталық Еуропаның тағы 4 елі мен Түркияға жетті. Ресей мен Украина ресмилері газ дауына қатысты келісім жасаған болатын. Осыдан кейін екі апта бойы тоқтап қалған Ресей газы Украина арқылы Франция, Польша, Босния, Сербия және Түркия мемлекеттеріне айдала бастаған. Сейсенбі күні Австрия, Болгария, Хорватия, Чехия, Венгрия, Словакия мен Словения елдері газ тасымалының қайта қалпына келгенін растады.
XS
SM
MD
LG