Accessibility links

Израиль күштері Газадан шығарылды


Израиль армиясы Газадан сәрсенбі күні соңғы сарбазын шығарғанын хабарлады. Жексенбі күні Израиль әскерилері мен Хамас атысты тоқтатқан болатын.

Газадағы исламшыл Хамас жауынгерлеріне бағытталған Израиль шабуылдарынан 1,300-ден астам палестиналық азамат қаза тапты. Сонымен қатар, шайқаста 13 Израиль азаматы опат болды. Израиль “кез келген жағдайға дайын болу үшін” өз күштерін Газаның сыртында орналастырғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG