Accessibility links

НАТО басшысы Пәкістанды көмектесуге шақырды


НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, НАТО мен Пәкістан бірге Ауғанстандағы тұрақтылықты орнатуға бағытталған шараларды күшейтуі тиіс. Бұл туралы ол Исламабадта Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Курешимен өткізген келіссөзінен кейін айтты. Схеффер аймақтағы қауіпсіздік жағдайын талқылау үшін бейсенбі күні Пәкістанға барған болатын.

НАТО мен АҚШ ресмилерінің айтуынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы тайпалық аймақтарда Әл-Қаида мен Талибан бүлікшілері жасырынып жүреді. 2001 жылдың аяғында АҚШ Пәкістан көршісі Ауғанстан елін басып алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG