Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше мектебінде сабақ тоқтатылды


Бұл туралы хабарлаған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңертең Өскеменде ауаның температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Осыған байланысты қаладағы мектептерде 1-9 сыныптар аралығында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Семейде 32 градустық аязға байланысты 1-11 сыныптар аралығында, ал Зыряновск қаласында сынап бағанасы минус 35 градусты көрсеткендіктен1 мен 8 сыныптар аралығында сабақ тоқтатылды.

Облыстық Гидрометорталықтың анықтауынша, облыс бойынша ең төменгі 37 градустық температура Чарск және Көкпекті ауданында тіркелген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG