Accessibility links

Холбрук- АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан мен Пәкістанға арнайы өкілі етіп Ричард Холбрукты тағайындады. 67 жасар Холбрук-АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі. Ол 1995 жылғы Босния-Герцеговина соғысына нүкте қойған Дейтон келісімін әзірлеуге көп үлес қосқан. Обама бейсенбі күнгі осы тағайындауы арқылы Ауған-Пәкістан аймағындағы жағдайды реттеуде дипломатияның айрықша рөл атқаратынын айтты.
XS
SM
MD
LG