Accessibility links

Қарзай Гуантанамо түрмесінің жабылуын қызу қуаттады


Ауған президенті Хамид Қарзай Гуантанамодағы АҚШ әскери түрмесін жабу жөніндегі Құрама Штаттар президенті Барак Обаманың жарлығын қызу қуаттады. Бейсенбі күнгі таратқан мәлімдемесінде Қарзай: “Бұл қадам лаңкестікке қарсы күресті күшейтіп, оған барлық елдерді жұмылдыратын болады”,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон бейсенбіде Қарзайға телефон шалып, лаңкестікке қарсы бірлесе күресу мен қос ел байланыстарын ақылдасты.
XS
SM
MD
LG