Accessibility links

Ауғанстан соғысы ардагерлерінің көрмесі ашылады


2009 жылдың 28-қаңтарында сағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 20 жылдығына арналған «Ауғанстан трагедиясы 20 жылдан кейін» көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, соғыстың саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыруды мақсат еткен көрмеге Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған және аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылады.

Көрме Қазақстанның «ЖАУЫНГЕРЛІК БАУЫРЛАСТЫҚ» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар Ардагерлері Одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағының қатысуымен дайындалуда.
XS
SM
MD
LG