Accessibility links

Жол полициясы жүргізушіге іздеу салады


Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасы хабарлағандай, Бостандық ауданының аумағында Жандосов көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік Манас көшесіне сәл қалғанда жол айрығында тұрған әйелді қағып кеткен, ол жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмған.

Жылдамдығын азайтпастан қашып кеткен көліктің түсі мен маркасы, иесі әзірге белгісіз, бірақ ол көліктің мемлекеттік нөмірінің алғашқы әрпі Н екендігі, яғни, Жамбыл облысында тіркелгені туралы ақпарат бар.

Осы қайғылы апаттың куәсі болғандардың 253-02-22; 253-04-11; 254-45-05 немесе 02 телефондарына хабарласуын сұраған жол полициясы басқармасы «құпиялылық сақталады және марапаттау сыйлығы беріледі» дейді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG