Accessibility links

Гаага сотында алғашқы тыңдаулар басталды


Соғыс қылмыстары бойынша Халықаралық сотта алғашқы сот тыңдауы басталды. Нидерландыда орналасқан Гаага сотында конголық көтерілісшілердің жетекшісі Томас Лубанга сотқа тартылып отыр. Оған 10 жасар балаларды жауынгер етіп жұмысқа алды деген айыптар тағылған.

Аталған сот 2002 жылдың шілде айында құрылған болатын. Оны 108 мемлекет қолдап отыр бірақ Қытай, Ресей, Израиль, Үндістан, Пәкістан, АҚШ және тағы басқа бірнеше ел Гаагадағы сотты сынап, оған қосылудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG