Accessibility links

ЕуроОдақ ирандық топты лаңкесттік ұйымдар тізімінен алып тастады


Еуропа Одағы Иранның қуғындағы негізгі оппозициялық тобын ЕуроОдақтың лаңкесттік ұйымдар жөніндегі тізімінен шығаруға келісті. “Иран халқы мужахеддин” деп аталатын топты әлгі тізімнен шығару туралы шешім ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің Брюсселдегі жиынында жасалды. ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавиер Солананың мәлімдеуінше, дүйсенбі күні Еуропа Одағы соты аталған ирандық топты лаңкесттік емес ұйым деп таныған, бұл сот шешімін ЕуроОдақ орындауы тиіс.

Талдаушылардың айтуынша, дүйсенбі күнгі шешімнен кейін ЕуроОдақ пен Иран қарым-қатынастары одан сайын нашарлауы мүмкін себебі ресми Теһран әлгі оппозициялық топтың қара тізімде болуын қалайды. “Иран халқы мужахеддин” тобына АҚШ-та тыйым салынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG