Accessibility links

Будапештте Nabucco жобасы талқылануда


Дүйсенбі күні Венгрия астанасы Будапештте Nabucco газ құбыры жобасына қатысты халықаралық конференция ашылды. Екікүндік жиын барысында Ресей мен Украинаны айналып өтетін ұзындығы 3,300 шаршы метр болатын құбыр арқылы Каспий теңізі аймағынан Еуропа Одағына газ жеткізілмек.

Осы айдың басында Ресей мен Украина арасындағы газ дауына байланысты Еуропа елдеріне газ тасымалы тоқтап қалған соң, ЕуроОдақ басшылары энергия қауіпсіздігін күшейту үшін газ тасымалының балама жолдарын зерттеуге шақырды. Nabucco құбырын салу үшін 10 миллиард доллардан астам қаржы керек.
XS
SM
MD
LG