Accessibility links

Байден: Ауғанстанда адам шығыны көбеюі мүмкін


Президент Барак Обама Ауғанстандағы АҚШ күштерінің санын өсіруге дайындалып жатқанда, бұл елде адам шығыны көбеюі мүмкін сондықтан АҚШ бұған дайын болуы тиіс. Вице-президент Джо Байден осылай деп мәлімдеді. Жексенбі күні CBS телеарнасына берген сұхбатында Байден Ауғанстандағы жағдай “нашарлап барады”, Талибан елдің маңызды аймақтарын өз бақылауында ұстап отыр деп атап көрсетті. Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанды жеткілікті дәрежеде экономикалық, саяси және әскери көмекпен қамтамасыз ете алмаған. Бұған қоса, бұл елде жемқорлық пен апиын өндірісі күрделі мәселе болып тұр деп мәлімдеді Байден.

Вашингтон Ауғанстанға қосымша 30 мың АҚШ сарбазын жіберуді жоспарлауда.
XS
SM
MD
LG