Accessibility links

Астанадағы су құбыры жөнделді


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың Сарыарқа ауданы Жангелдин көшесіндегі диаметрі 200 миллиметрлік жарылған су құбыры қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстары «Астана су Арнасы» мемлекеттік мекемесінің 14 адамнан тұратын бригадасы мен 6 техникасының көмегімен жүргізілді. Құбырдағы апат салдарынан Жангелдин көшесінің екі тұрғын үйі мен №50 балабақша, Әуезов көшесінде орналасқан бес үйдің тұрғындары, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ғимараты және Бейбітшілік көшесіндегі бір үй сусыз қалған еді.

XS
SM
MD
LG