Accessibility links

10 адам көмірқышқыл газынан уланған


Қазақстан аумағында өткен тәулікте 10 адам көмірқышқыл газынан уланып қалған, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматыдағы Әуезов ауданының Лазарев көшесіндегі жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газынан уланған екі жас жігіт ауруханаға түскен.

Сондай-ақ Жетісу ауданындағы «Шаңырақ-1» ықшамауданындағы Ер Тарғын көшесіндегі жер үйде де уланып қалған бір әйел мен үш бала ауруханаға жеткізілген.
Тараз қаласындағы Ленин көшесінде орналасқан үйдегі пештің тарпай қалуы кесірінен 44 жастағы ер адам мен 42 жастағы әйел адам уланып, ауруханаға түскен.
Сонымен бірге Астананың Сарыарқа ауданындағы Сарыбұлақ көшесіндегі үйде 4 шаршы метр аумақта болған өрт салдарынан 6 жасар және 14 жасар екі бала көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде уланып, ауруханаға түскен.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG