Accessibility links

Қарағандыда 23 жастағы ер адамды пойыз басып кеткен


ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 23 жастағы ер адамды қаланың ішінде өтіп бара жатқан пойыз басып кетіп, жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.
Қайғылы оқиға темір жолдың қала орталығында орналасқан вокзалға кірер аузында болған. Дәрігерлердің айтуынша, сүйектері бірнеше жерден сынып, өмір сүрерлік жағдайы қалмаған жігіттің кім екені анықталған. Оқиғаның себептері іздестірілуде.

XS
SM
MD
LG