Accessibility links

Украина мен ЕуроОдақ газ тасымалында тығыз байланыс орнатады


Украина президенті Виктор Ющенко газ дағдарысынан бері ЕуроОдаққа алғаш рет сейсенбіде барды. Ол сейсенбіде Еуропа комиссиясы президенті Жосе Мануэл Баррозумен кездесті. Оның барысында Украинаның газ тасымалы жүйесі және тараптар байланысы талқыланды. Украинаның газ тасымалы жүйесін жаңа технологиямен жабдықтауда Еуропа инвестициясына үміт артатынын Ющенко айтты. Ресей мен Украина арасындағы дауға байланысты екі аптаға тоқтатылған газ өткен аптада Еуропаға қайта жеткізілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG