Accessibility links

Жоғарғы соттың төрағасы Оңтүстік Қазақстандағы сот судьяларын сынға алды


ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми облыстық соттың алқа жиынында Оңтүстік Қазақстан облысындағы сот судьяларының сауатсыздығы мен тәртіпсіздігі үшін қатты сынға алды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Былтыр жыл бойына аудан және қалалық соттарда 855 қылмыстық және 24 мыңнан астам азаматтық іс қаралған. Сараптама барысында сол үкімдердің 3-4 пайызы қайта өзгертілгені анықталып отыр. Бұл судьялардың білімінің төмендігі мен біліксіздігін көрсетеді. Сондай-ақ судьялардың арасында сауатсыздық көрініп отыр. Мәселен, Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотының судьясы 2-3 беттен тұратын бір үкімнің өзінде 72 әріп қате жіберген», — деді жоғарғы сот төрағасы.

Ал Түркістан қалалық сотының судьясының әрекеті тіпті сорақы. Мансабына мастанған судья қызмет бөлмесінде хатшыны ұрып-соққан. Түркістан сотының сегіз тұлғаға қатысты үкімін жоғарғы сатылы соттар қайта өзгерткен.

Осы жәйттерді саралай келіп, Қайрат Мәми облыстық сот төрағасына құжаттардың сапасы мен судьялардың мінез құлық этикасына байланысты жауапкершілік пен міндеттер жүктеді. Алқа қорытындысы бойынша Қ.Мәми облыстық соттың төрағасы Абай Рахматуллинге судьялардың жұмыс сапасына мұқият тексеру жүргізуді тапсырды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG