Accessibility links

Қызылордада қыз сатпақшы болғандар құрықталды


Бұл туралы хабарлаған облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Әлімхан Әбжановтың мәліметінше, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына жеңіл жүрісті екі қызды Астанада «қызмет көрсету» үшін 50 мың теңгеден «сатып алушылардың» бар екендігі туралы жедел ақпарат түскен.
«Жан-жақты тексерілген ақпарат бойынша күдіктілер табылып, аталған қылмысқа қатысты ҚР қылмыстық кодексі 128-бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл деген 5- 7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы», — деп түсіндірді Әлімхан Әбжанов.
«Бұл осы бап бойынша облыс көлемінде соңғы сегіз жылда қозғалып отырған алғашқы қылмыстық іс», — деп нақтылады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Дүйсенова.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG