Accessibility links

«Кришна санасы қоғамының» қайраткері депортацияланды


Бұл туралы хабарлаған Қазақстандағы «Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігінің ақпаратынша, Қазақстанға кірмек болған аталған қоғамның діни қайраткері, АҚШ азаматы Говинда Свами Алматы аэропортынан депортацияланды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Г. Свамиді Алматыға Қазақстандағы «Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігі шақырыпты. Қолында тиісті құжаттар, тіпті қазақстандық визасы да бар АҚШ азаматын құжат тексеру кезінде ұстап алған шекарашылар, оны Мәскеуге депортация жасады.
«Кришна санасы қоғамы» анықтағандай, Қазақстанға кіруге рұқсаты жоқ адамдардың «қара тізімі» жасалған екен, Г.Свами сол тізімнің ішінде бар көрінеді. Дін істері жөніндегі комитеттің ақпаратына қарағанда, Г.Свамиді Қазақстанға кіргізбеу туралы шешімді Ақтөбенің миграциялық полициясы шығарған.
Мұндай тиымдар сот шешімінен кейін ғана жасалатындықтан, аталмыш қоғам шақырушы жақ ретінде Ақтөбенің миграциялық полициясының үстінен сотқа шағымданбақшы.
XS
SM
MD
LG