Accessibility links

АҚШ-тың әскери оқу орындарында 20 қазақстандық білім алмақ


Бұл туралы хабарлаған ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылы Қазақстанның 20 әскери қызметкері АҚШ-та білім алады деп жоспарлануда.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, АҚШ-қа баратын әскерилер ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтының дайындық курсы кафедрасында 8 айлық тіл үйрену курсынан өтеді. Қазақстандағы АҚШ елшілігі өкілдері өткізетін тестік бақылаудан өткен әскерилер Америкада 6 айлық тіл курсында оқиды, содан кейін ғана негізгі әскери мамандықтары бойынша білім алуға кіріседі.
1993 жылдан бері АҚШ әскери ЖОО-на 350 қазақстандық оқуға жіберілген. 2008 жылы 30 қазақстандық әскериді оқытып шығарған АҚШ қаржы дағдарысына байланысты биыл білім алушылар санын қысқартып отыр.
ҚР АҚШ елшілігіне қарасты әскери ынтымақтастық кеңсесінің бастығы, подполковник Джеймс Ентцтің айтуынша, АҚШ армиясы дағдарыстан кейін курс тыңдаушыларының санын көбейтпек ниетте.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG