Accessibility links

Парламент заң қабылдады


ҚР Парламент сенатының депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста «Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Халықаралық конвенция Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында қабылданған мемлекетаралық сипаттағы жалпыға бірдей халықаралық құжат болып табылады. Қазіргі уақытта ұйымның қатысушылары 174 мемлекет, оның ішінде конвенцияға - 59 ел қатысады.

Аталған заң жобасы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің қарсаңында және әлемдік саудаға барынша жәрдемдесу жағдайында кеден ісі саласында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында әзірленген.

XS
SM
MD
LG