Accessibility links

Полиция киіміндегі алаяқ студенттердің үялы телефондарын тартып алған


Қарағандыда полиция қызметкерімін деп қаладағы бір колледж студенттерінің 12 ұялы телефонын тартып алған күдікті ісздестірілуде, — деп хабарлайды облыстық ІІД ақпарат және тіл саясаты басқармасының бастығы Ерғали Қожабеков.
Колледжге полиция киімінде куәлігін көрсетіп келген күдікті аталған аумақта ұялы телефон ұрлығы болғандығын, сондықтан барлық студенттердің ұялы телефондарын полиция басқармасына апарып тексеретінін айтып, жинап алған. Ізінен еріп келген студенттерді кіре берісте күткізіп қойған ол сол күйі оралмаған.
«Қазір күдікті іздестірілуде. Осынша аңқау болуға бола ма? Студенттердің ешқайсысы жалған полицейдің куәліктегі аты-жөнін, қызметтік шенін анықтап қарамаған. Бұл деген біздің тұрғындарымыздың құқықтық сауатының төмендігін көрсетеді», — деді Е. Қожабеков.

XS
SM
MD
LG