Accessibility links

Қаржы министрлігіне ағымдағы шығындарға ғана қаражат жұмсау тапсырылды


Бүгін Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов министрлікке 2009 жылдың бірінші тоқсанында тек ағымдағы шығындарға ғана қаражат жұмсауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы 2009 жылы басымдық ретінде әлеуметтік төлемдерден бір тиынға да тиісуге болмайды, ал қалғанының бәрі біздің мүмкіндіктерімізге сай келуге тиіс деп тапсырма берді. Осыған сәйкес мен қаңтар айында тек ағымдағы шығыстарға ғана ақша жұмсауды, сол арқылы өз мүмкіндіктерімізді өлшеуді тапсырамын. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, жалпы ағымдарды ескере отырып, біз кіріс және шығыс бөлігінде өз мүмкіндіктерімізді қайта қарау үшін парламентке келуіміз мүмкін», — деді Кәрім Мәсімов.



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG