Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда тұтқындар саны артуда


Оңтүстік Қазақстан облысында еңбекпен түзету мекемелерінің тұтқындар саны 10 пайызға өсіп отыр, — деп мәлім етті облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы Бекболат Түзелбаев.
«Тұтқындар саны кісі тонаушылар мен мал ұрлағандардың қатарымен толығып отыр. Бүгінгі күні облыс көлемінде орналасқан алты колонияда 3276 тұтқын отыр. Олардың 594-і ғана жұмыспен қамтылған, олар күніне 455 теңгеден жалақы алады. Тұтқындардың 124-і ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар, жыл бойына 44 адам қайтыс болды, өлімнің негізгі себебі — өкпе ауруы», — деді полковник Б.Түзелбаев.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG