Accessibility links

Ауғанстанда президент сайлауы тамызда өтпек


Ауғанстанның сайлау комиссиясы президент сайлауы тамыздың 20-да өтеді деп жариялады. Бұл ел осымен екінші рет мемлекет басшысын сайлайтын болады. Ауғанстан конституциясы бойынша сайлау мамыр айында өтуге тиіс болатын. Бірақ сайлау комиссиясының басшысы Азизуллаһ Лоденнің мәлімдеуінше, конституцияға сәйкес, егер қауіпсіздік жағдайы нашар болса, сайлау мерзімін кейінге қалдыруға болады.

Сайлауға қазіргі президент Хамид Қарзай да үміткер ретінде түседі деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG