Accessibility links

Израиль Батыс жағалаудағы қоныстарды көшіруді ұсынды


Израиль басылымының хабарлауынша, премьер-министр Ехуд Олмерт Израиль палестиналықтармен арадағы келіссөздерде басып алынған Батыс жағалаудағы 60 мың қонысты көшіруді ұсынды деп мәлімдеген. Бұл туралы ол АҚШ-тың бейбітшілік бойынша өкілі Джордж Митчелге айтыпты. "Yediot Aharonot" газетінің айтуынша, Израиль сондай-ақ шығыс Иерусалимдегі ауылдарды Палестина билігіне беруге келіскен.

Сәрсенбі күні кездескен Митчелл мен Олмерт бүгін Рамаллаһ қаласында Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен келіссөз өткізбек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG