Accessibility links

Қазақстандық партиялар Есіргеповтың босатылуын талап етуде


Қазақстан қауымдастығы билік орындарын “Алма-Ата инфо” газетінің редакторы Рамазан Есіргеповты азат етуге шақырды. Бейсенбі күні Қазақстанда тіркелген 10 партияның алтауы осы шақыруды қолдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия мәліметтерін жариялады деп айыпталып отырған журналист Рамазан Есіргепов қаңтардың 6-ы күні мәжбүрлі түрде Тараз қаласындағы тергеу абақтысына жабылған болатын. Оның алдында ол Алматыдағы ауруханада емделіп жатқан еді.
XS
SM
MD
LG