Accessibility links

Чехияның бұрынғы президенті ауруханадан шықты


Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Хавел бейсенбі күні Прагадағы ауруханадан шығарылды. Тамағына операция жасалған Вацлав Хавел екі апта бойы ауруханада жатқан еді. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулық жағдайы өте ауыр болған бірақ кейінірек сәл жақсарған. Бұрынғы диссидент Вацлав Хавел 1989 жылы орын алған төңкерістен кейін Чехословакияның президенті болып сайланды. Ол төңкеріс 40 жылға созылған коммунизмді жойған болатын. 1993 жылы Хавел Чех республикасының президенті болып қайта сайланды.
XS
SM
MD
LG